Астана мен Алматыда ұсталғандар

  • Видео
  • о видео
  • поделиться

Смотреть видео Астана мен Алматыда ұсталғандар

852, 829   |   1 год. назад  |   2, 795 - 838
 

Астана мен Алматыда ұсталғандар

Скачайте изображение (превью) выбрав качество


320x180 480x360 640x480 1280x720

Қазақстанда тыйым салынған ұйым митингілер өтеді деп белгілеген жерлерде полиция ондаған адамды ұстады

Маусымның 23-і күні Астана, Алматы және Шымкентте полиция көшеге шыққан ондаған адамды ұстады. Ұсталғандар ешқандай талап қоймаған, олардың қолында плакат я басқадай заттар болмаған. Полиция Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысы митингілер өтеді деп белгілеген орындарда ұсталған адамдарды көлікке күштеп салып, алып кетті. Ұсталғандардың кейбіріне әкімшілік хаттама толтырып, сенбінің кешінде сотқа тартылды.
Сенбі күні Алматының орталығындағы Абай атындағы опера және балет театры маңындағы Панфилов көшесінің жаяулар жүретін бөлігіне келген бірнеше адамды полиция ұстады. Оқиға орнына барған Азаттық тілшілерінің көзінше полиция ұсталғандарды көлікке күштеп салып, алып кетті. Ұсталғандар ешқандай талап айтқан жоқ, олардың қолында ұран не басқадай заттар болмаған. Бұл күні Алматының орталығында полицияның арнайы тобының жасағы көп жүргені байқалды. Олар көшеден ондаған адамды ұстап алып кетті.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтистің Азаттыққа хабарлауынша, сенбі күні Алматыда полиция бюро қызметкері журналист Андрей Свиридовті ұстаған. Жовтистің сөзінше, полиция өкілдері Свиридовтен құжаттарын көрсетуді сұраған, сосын автобусқа салып, Алматының Медеу аудандық полиция бөліміне апарған.

Астанада полиция күштері қала әкімдігінің алдындағы алаңды жауып тұрды. Оқиға орнына барған Азаттық тілшісі Мәди Бекмағанбетті полиция ұстап әкетіп, құжаттарын тексерген соң босатып қоя берді. Оның хабарлауынша, полиция алаңға келген адамдарды іріктеп өткізген, алаң маңында ұсталған оннан астам адамды полиция көлігіне салып алып кеткен. Ұсталғандар ешқандай ұран не талап айтпаған, олардың қолдарында плакат я басқадай заттар болмаған.

Астананың Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілі алаң маңына жиналған адамдарға бұл жерде акция өткізуге рұқсат берілмегенін мәлімдеп, олардың тарауын талап етті. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары да жиналған жұртты тарауға шақырып, билік бұл жерде ешқандай шара өткізуге келісім бермегенін ескертті.

Жиналған жұрт билік өкілдеріне өздерінің митингі өткізуге келмегендерін, қыдырып жүргендерін айтты. Кейбіреулері үнсіз тұрған адамдарды полицияның ұстап әкеткеніне наразылық білдірді.

Шымкент қаласында сенбі күні полиция Тәуке xан даңғылында орналасқан қала әкімдігі ғимараты маңынан ұстады. Азаттық тілшісі Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген бірнеше әйелдің "бізді ұстаған жерге қайта апарыңдар" деп полицияға талап қойғанына куә болды.

Шымкент қалалық әкімдігі жанында ұсталғаннан кейін полицияға жеткізілген жергілікті азаматтық белсенді Жаңабек Әбішев Азаттыққа телефонмен хабарласып, полиция бөлімінде бірнеше белсендіден жауап алып, саусақ іздерін алып жатқаны туралы хабарлады. Полиция өкілдері қанша адам, не үшін ұсталғаны туралы ақпарат беруден бас тартты.

Сенбі күні таңертең Орал қаласында полиция Азаттық тілшісі Санат Орын-Әлиді ұстады. Оны полиция мекемесінде алты сағаттан астам уақыт ұстады. Тілшіміздің хабарлауынша, одан әуелі жергілікті "Уральская неделя" басылымының YouTube-арнасында жариялаған видеоның астындағы комментарийге (маусымның 23-і күні митингіге шығуға шақырған) қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша, сосын "экстремистік" деп танылған ұйымның жұмысына қатысқан деген күдікке іліккен жергілікті белсенді Бакиза Халелованың ісі бойынша куәгер ретінде жауап алмақ болған.

Бұған дейін Қазақстанда сот үкімі бойынша "экстремистік ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жұртты маусымның 23-і күні елде "білім беру тегін болсын" деген талаппен митингіге шығуға шақырған. Қозғалысты 2009 жылдан бері шетелде тұратын экс-банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқарады. Осы аптада Қазақстанда прокуратура органдары рұқсат берілмеген акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелетіні туралы ескерту таратқан. Прокуратура Әблязовті жұртты митингіге шақырған роликтерге актерлер жалдаған деп айыптап, оның біріне Әблязовтің жиені де түскен деп мәлімдеген. Бұған жауабында Мұхтар Әблязов прокуратураның іс-әрекетін "үрей" мен "қорқынышқа" берілу деп атаған.


Толығырақ:

Жазылыңыздар:
Фейсбук:
ВК:
Твиттер:
Телеграм:

Покажите вашим друзьям, добавьте в соцсети

Ссылка на страницу с видео:

 

Ссылка HTML на страницу с видео:

 

Код для вставки плеера:

Астана мен Алматыда ұсталғандар

  • Комментарии ВК




Уважаемые друзья!

Источником всего видеоконтента, в том числе проигрывающегося на страницах ресурса androidmafia.ru, является сторонний видео ресурс, а именно общедоступный видеохостинг YouTube.com, предоставляющий открытый доступ к своему видеоконтенту (используя открытую и общедоступную технологию video API3 youtube.com)!

Проблемы с авторскими правами

Если вам принадлежат авторские права на данное видео, которое было загружено без вашего согласия на YouTube.com, перейдите на страницу этого видео сайта YouTube.com , нажмите на ссылку под проигрывателем Ещё -> "Пожаловаться" -> "Нарушение моих прав" и в выпадающем меню, выбирите, что именно нарушается и нажмите кнопку "Отправить".



Неприемлемый контент

Чтобы сообщить о неприемлемом видео, перейдите на YouTube, нажмите на ссылку под проигрывателем Ещё -> "Пожаловаться" и выбирите в "Сообщить о нарушении" что именно вас не устраиваеи в этом видео. Подробнее о наших правилах читайте в Условиях использования.